АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Жаңалықтар/17.11.2025ж мектебіміде «Білім жолындағы бірлік пен біліктілік» атты педагог-сарапшылардың онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл апталық — педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, бір-бірінен үйренуіне, жаңа әдіс-тәсілдер мен заманауи педагогикалық үрдістерді талқылауына бағытталған маңызды алаң. Іс-шарада «Пәндер жәрмеңкесі» тақырыбында әртүрлі пән мұғалімдері тиімді әдіс-тәсілдерінен жәрмеңке ұйымдастыра білді. Апталық барысында мастер-кластар, семинарлар, коучингтер, ашық сабақтар мен пікірталас алаңдары ұйымдастырылып, әр мұғалім өз тәжірибесін таныстыруға және әріптестерінен үйренуге мүмкіндік алады. Бұл — сарапшы мұғалімдердің кәсіби қауымдастығын нығайтып, білім сапасын дамытуға бағытталған ортақ қадам. Апталығымыз сәтті өтіп, нәтижелі болсын!
