АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Жаңалықтар/2026 жылғы 8 қазан күні, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде бірлескен жұмысты дамыту және кәсіптік бағыттағы бейіндік сыныптарды ашу мақсатында 11 мектеп директорының қатысуымен «Мектеп – колледж: болашаққа бірге қадам» атты ынтымақтастық орнату жөніндегі маңызды кездесу өтті. Іс-шара барысында колледж директоры Ж. К. Алишева мектеп басшыларына ынтымақтастыққа қолдау білдіріп, білім алушыларға кәсіби бағдар беру, олардың қабілеті мен қызығушылығына сәйкес мамандық таңдауына жағдай жасау бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Кездесуде мектеп басшылары да сөз сөйлеп, мектеп пен колледж арасындағы өзара байланысты нығайтудың, оқушыларға кәсіптік бағдар берудің және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар жаңа бастаманың білім алушылардың кәсіби дамуына оң ықпал ететініне сенім білдірді. Меморандум аясында білім алушыларға кәсіптік бағдар беру, мамандық таңдауға бағыттау, мектеп пен колледж арасындағы байланысты нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
