АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Жаңалықтар/Білімдегі олқылықтардың орнын толтыру – басты міндет Мектебімізде білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған жұмыстар бойынша отырыс өткізілді. Отырыс барысында білім сапасына жүргізілген талдау нәтижелері қаралып, оқу үдерісінде кездесіп отырған қиындықтар мен олардың себептері анықталды. Пән мұғалімдері тарапынан түзету жұмыстарының тиімді әдістері ұсынылып, үлгерімі төмен білім алушылармен жүргізілетін жеке және топтық жұмыстардың жоспарлары нақтыланды. Отырыс қорытындысы бойынша білім олқылықтарын жүйелі түрде жоюға бағытталған нақты ұсыныстар қабылданып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктелді. Аталған жұмыстардың басты мақсаты – әрбір білім алушының оқу жетістігін арттыру және білім сапасын қамтамасыз ету.
