АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Жаңалықтар/МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ! Мектебімізде Парламент – өзін-өзі басқару ұйымы аясында мектеп президентін сайлауға үміткер кандидаттардың бағдарламаларын таныстыруға арналған мектепішілік жиын өтті. 🏫✨ Жиын барысында мектеп президенттігіне үміткер білім алушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған мақсаттары мен жоспарларымен бөлісті. 📌 Мектеп президенттігіне үміткерлер: 🔹 9 «А» сынып білім алушысы – Тастемір Дариға 🔹 9 «Ә» сынып білім алушысы – Суюнова Айару 🔹 9 «В» сынып білім алушысы – Әлібекова Әдемі 🔹 10 «Б» сынып білім алушысы – Пангерей Еркенұр Әр кандидат өз бағдарламасында білім алушылардың бастамаларын қолдау, мектептегі өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, қоғамдық белсенділікті арттыру және мектеп өміріне жаңа идеялар енгізу бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды. 🎤💡 Кандидаттар өз ойларын еркін жеткізіп, көшбасшылық қабілеттерін танытып, білім алушылар алдында өз бағдарламаларын қорғады. ✨ Мектеп президентін сайлау – білім алушылардың азаматтық белсенділігін, жауапкершілігін және көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыратын маңызды қадам. Барлық үміткерлерге с�
